15
тамыз
2026
Балабақша туралы мәлімет
"Ханшайым" балабақшасы білім мекемесі 2015 жылдың 2-ші наурызында аудандық білім бөлімінің рұқсатымен өз жұмысын бастап, балаларды қабылдады. Балабақшамыздың құрылтайшысы ауданымызға еңбегі сіңген ұлағатты математик мұғалім, аудандық білім бөлімінің әдіскері қызметін атқарған, қазіргі уақытта жас мамандарға жол сілтеуші зейнеткер ұстаз ОрманбековаҰлбала Жұмағұлқызы.
Балабақша алғашында тек "Күншуақ" ортаңғы тобына 25 бала қабылдап, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап "Ұлан" ересектер тобына 25 бала қабылдады. Қазіргі уақытта балабақша қабырғасында 50 тәрбиеленуші тәрбие мен білім алып жатыр. Оқыту тілі мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Балабақша бір қабатты және бейімделген ғимарат. Жалпы 2 топ ереже бойынша толықтай жиһаздармен жабдықталған, оқу құралдары және ойыншықтармен қамтылған. Балабақшада 2 ойын залы, 2 жатын бөлме, 1 буфет, 1 ас бөлме, 2 түбек бөлмесі, 1 дамытушы орталықтар бөлмесі, медициналық және әдістемелік кабинеттер, ойын алаңы, 2 қойма бар. Күн тәртібі бойынша балалар 4 мезгіл тамақтандырылады. Нұсқаулық бойынша балаларға ОІӘ-тері кесте бойынша жүргізіліп, бастапқы, аралық және қорытынды мониторнг жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңында әр балаға даму картасы толтырылады. Жыл басында іс-шаралар жоспары құрылып. жыл бойы мерекелік ертеңгіліктер, ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, экскурсиялар, музейлер мен галереяларға саяхаттар, спорттық сайыстар мен конкустар өткізіледі. Жыл бойы аудандық және республикалық онлайн және оффлайн сайыстарда балалар өз бақтарын сынайды. Балабақшада 4 педагог қызмет атқарады, олардың 1-еуі педагог-зерттеуші, 3-еуі педагог-модератор санатындағы білікті мамандар. Педагогтар жоғары білімді және бейіндері бойынша біліктілік курстарын тәмамдамаған. Педагогтар аудандық білім бөлімінің басшысынан құрмет грамотасын алған, аудандық. облыстық, республикалық сайыстар жеімпаздары атанған.